Аймақтар
1 мин оқу 530

Қызылорда: 43 кәсіпорынның жұмысына рұқсат етілген

<p style="text-align: justify;">Карантин талаптары жеңілдегеннен бері облыста 43 кәсіпорынның жұмысына рұқсат етілген. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ринат Сұлтангереев мәлімдеді.</p>

Қызылорда: 43 кәсіпорынның жұмысына рұқсат етілген

Басқарма басшысы брифингте биыл жергілікті тауар өндірушілерге басымдық берілетінін атап өтті. «Жұмыспен қамту» бағдарламасы бойынша 276 жоба жүзеге асырылып, 1349 адам жұмыспен қамтылады.

– Төтенше жағдай барлық салаға өзгеріс әкелгені жасырын емес. Бір жарым айдан аса сырттан келетін тауарлар тоқтап қалғанын білесіздер. Дегенмен, өмір жалғасып жатыр. Қазір темір–бетон, цемент шығаратын, қиыршық-тас үгітетін зауыттар іске кірісті. Оларға қызмет көрсететін автокөліктерді «Сергек» бағдарламасына енгізіп, кідіріссіз жүрулеріне жағдай жасалып отыр,–деді Ринат Қалдыбекұлы.

Басқарма басшысы инфекцияның таралуын тежеу мақсатында жергілікті 80-нен астам жеңіл өнеркәсіп саласындағы кәсіпорын мен еріктілер жеке қорғаныс құралдарын өндіріп жатқанын атап өтті.

Бөлісу:
Қызылорда: 43 кәсіпорынның жұмысына рұқсат етілген · Egemen Qazaqstan