Жаңалықтар
1 мин оқу 244
Тимур Сұлтанғазиев: Кафелер мен мейрамханаларды ашу жоспарда жоқ
<p style="text-align: justify;">Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифингте кафелер мен мейрамханалардың әзірге ашылмайтынын айтты. </p>

«Бұл мәселе күн тәртібінде тұр деп ойламаймын. Елдегі эпидемиологиялық жағдайға мән беру керек. Жақын арада кафелер мен мейрамханаларды ашу жоспарда жоқ. Десе де, мұның бәрі эпидемиологиялық ахуалға байланысты болады», – деді комитет төрағасы.
Бөлісу:
