Шымкентте коронавирус инфекциясын жұқтырған 6 адам тіркелді
<p style="text-align: justify;">6 мамыр түскі 14:00-дегі мәлімет бойынша вирус жұқтырған 1989 жылы туған ер азамат пен 2002 жылы туған азаматша жақын шет елден келген. </p>

Атырау облысынан вахталық жұмыстан келген 1983, 1984, 1987 жылы туған ер азаматтар және Шымкент қаласында тұратын 1976 жылы туған азаматша өздеріне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған. Бүгіндн карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта қала бойынша COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдардың саны 222-ге жетті.
Шымкент
