Аймақтар
1 мин оқу 373

Алматыда қауіпті індеттен 4 айлық сәби жазылды

<p style="text-align: justify;">​6-7 мамыр күндері Алматыда коронавирустық инфекциядан 72 науқас емделіп, емханадан шығарылды. Олардың ішінде 4 айлық қыз бала да бар.</p>

Алматыда қауіпті індеттен 4 айлық сәби жазылды

Сәби инфекция жұқтырғандармен жақын байланыста болып, 16 сәуірде анасымен бірге ауруханаға түскен.

​Сәбиге «асқынған бронхит» диагнозы қойылып, жағдайы орташа дәреже ретінде бағаланды.

Қазір ол анасымен бірге сауығып, емханадан шығарылды. Емделушілердің жағдайы жақсы.

Қазіргі уақытта мегаполисте қауіпті індеттен жазылып шыққан 299 адам бар.

Бөлісу:
Алматыда қауіпті індеттен 4 айлық сәби жазылды · Egemen Qazaqstan