Спорт
1 мин оқу 277

Шахмат: Қытай алда келеді

<p style="text-align: justify;">Шахматттан ФИДЕ-нің &laquo;Ұлттар кубогы&raquo; деп аталатын командалық онлайн-турнир жалғасуда.&nbsp;</p>

Шахмат: Қытай алда келеді

Кешегі жарыс күні мынадай нәтижелер тіркелді:

5 тур

Үндістан – Ресей – 2:2

АҚШ – Қытай – 1,5:2,5

Әлем құрамасы – Еуропа – 1,5:2,5

6 тур

Ресей – Еуропа – 1,5:2,5

АҚШ – Үндістан – 2,5:1,5

Әлем кубогы – Қытай – 0,5:3,5

Алты турдың қорытындысы бойынша Қытай құрамасы жарыс кестесінде жеке-дара көш бастап келеді. Аспанасты елінің өкілдері 11 ұпайды олжалауда. Екінші орындағы Еуропа құрамасының 9 ұпайы бар. Үшінші орынды АҚШ шахматшылары иеленуде. Америкалықтар 7 ұпайды қоржынға салды. Одан кейінгі сатыларға Ресей (5 ұпай), Әлем құрамасы мен Үндістан (2 ұпайдан) жайғасты.

Бөлісу:
Шахмат: Қытай алда келеді · Egemen Qazaqstan