Қазақстан
1 мин оқу 272

Ауа райының құбылуына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жарияланды

<p style="text-align: justify;">Ауа райының құбылуына байланысты ел өңірлерінде ескерту жарияланды. Бұл туралы &laquo;Қазгидромет&raquo; РМК баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Ауа райының құбылуына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жарияланды

Синоптиктердің хабарлауынша, 9 мамырда Қызылорда облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ түсуі ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с жетеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде күн күркірейді. Жел шығыстан соғады, кей жерлерінде екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды қаласында 9 мамырда жел шығыстан соғады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетуі ықтимал.

9 мамырда Жезқазғанда жел шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

Ал 9 мамырда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, күндіз күн күркіреген кезде оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып соғатын желдің күші 15-20 м/с дейін күшейеді.

Оралда 9 мамырда кешке найзағай жарқылдауы ықтимал.

Бөлісу: