Қызылорда: Вирус жұқтырғандар саны 229-ға жетті
<p style="text-align: justify;">Қызылорда облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырған 3 адам туралы ақпарат белгілі болды.<strong><br /></strong></p>

Вирус жұқтырғандардың үшеуі де Қызылорда қаласының 1962,1980, 1994 жылғы тұрғындары.
Барлығы да коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынамалар алынған.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы қойылды.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Ауру ошағында мамандармен індетке қарсы іс-шаралар ұйымдастырылып, қарым-қатынаста болғандар анықталуда.
10.05.2020 ж. жағдай бойынша өңірде COVID-19 коронавирус инфекциясын 229 адам жұқтырған. Оның ішінде емделіп шыққандар саны — 156.
