Аймақтар
1 мин оқу 142
COVID-19: Жетісуда індеттен жазылғандар саны 70 адамға жетті
<p style="text-align: justify;">Осы сәтке дейінгі мәлімет бойынша Алматы облысында коронавирустан айыққандар саны 70 адамға жетті. Оның ішінде 7 науқас бүгін оңалып, ауруханадан шыққан.</p>

Бүгін Алматы облысында тағы 7 адам коронавирустан жазылып шықты. Олар Іле, Жамбыл, Еңбекшіқазақ аудандарының тұрғындары. Олардың барлығы 23 сәуірден бері Еңбекшіқазақ ауданаралық көп салалы ауруханасында тиісті ем қабылдаған. Қазір барлығының жағдайы жақсы, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, осы сәтке дейін 183 жетісулықтан жұқпалы індет белгісі анықталып отыр.
Алматы облысы
Бөлісу:
