Спорт
1 мин оқу 380
«Сарыарқа» хоккей клубының құрамы жаңа қақпашымен толықты
<p style="text-align: justify;">Қақпашы Владимир Сохатский «Сарыарқа» хоккей клубының құрамын толықтырды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Биылғы маусымда 30 жастағы қақпашы Владимир Сохатский «Торос» клубының намысын қорғаған. Жоғарғы хоккей лигасында барлығы 42 кездесу, плей-офф кезеңінде 7 ойын өткізген.
Ал «Салават Юлаев» командасы сапында үш маусым, сонымен қатар «Автомобилист» (Екатеринбург) құрамасының жейдесін киген. Құрлықтық хоккей лигасында барлығы 132 ойын ойнаған.
Бөлісу:
