Қазақстан
1 мин оқу 1,140

14-16 мамырға арналған ауа райы болжамы

<p style="text-align: justify;">Қазгидромет&nbsp;14-16 мамырға&nbsp;арналған ауа райы болжамын жариялады.</p>

14-16 мамырға арналған ауа райы болжамы

14 мамырда түнде Қызылорда облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. 14 мамырда кей жерлерде бұршақ, 14-16 мамырда кей жерлерде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, 14 мамырда таңертең және күндіз, 15-16 мамырда тәулік бойында күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

14 мамырда Маңғыстау облысының кей жерлерінде бұршақ болуы ықтимал. Күндіз найзағай күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с.

Ақтау қ: 14 мамырда түнде және таңертең тұман күтіледі. Таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы 95-100%

Бөлісу:
14-16 мамырға арналған ауа райы болжамы · Egemen Qazaqstan