Аймақтар
1 мин оқу 210

Ашуын көліктен алған келіншек

<p style="text-align: justify;">Карантин әсер етті ме, әлде өзі сондай көкдолы ма, әйтеуір Теміртауда тұратын қырық жастағы келіншек күйеуімен ұрысып қалғаннан кейін, тоғызыншы қабаттан үйдегі заттарды лақтыра бастаған.</p>

Ашуын көліктен алған келіншек

Лақтырғанда да, айдалаға емес, күйеуінің сүлікқара кө­лігіне дәлдеп тұрып лақ­тыр­ған. Тоғызыншы қабаттың балконынан асқан дәлдікпен ұшқан ішінде суы бар пластмасса шөлмек, гүл өсіп тұрған құмыра, басқа да қатты заттар көлікке едәуір зақым кел­тіріпті. Темір тұлпардың тө­бесі майысып, мемлекеттік нө­мер тағатын тетігі сынып, қап­талындағы айнасының күл-паршасы шыққан.

Осы оқиғаның куәсі болып, оны ұялы телефонның камерасына түсірген тұрғындар, әгәраки, әлгі заттар адамның тө­­бе­сіне түссе, бассүйегін ойып жі­берер еді дегенді айтады.

Көп ұзамай полиция қыз­меткерлері тұрғындар түсір­ген бейне көрініс арқылы қы­зуқанды әйелді тауып, оған Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 434-бабы бойынша айыппұл салды. Әйел мұндай қадамға отбасында болған кикілжіңнен кейін барғанын айтып, өз кінәсін мойындаған.

Қарағанды облысы

Бөлісу:
Ашуын көліктен алған келіншек · Egemen Qazaqstan