Аймақтар
1 мин оқу 182
Алматыдан 495 шақырымда жер сілкінді
<p style="text-align: justify;">Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 14 мамырда Алматы уақытымен 22 сағат 16 минутта жер сілкінісін тіркеді.</p>

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік батысқа қарай 495 шақырым қашықта Қырғызстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.5, магнитудасы – 4.6. Жерасты дүмпуі 5 километр тереңдікте болған. Сезілу туралы (МSК-64 шкаласы бойынша) мәлімет жоқ.
Бөлісу:
