Саясат
2 мин оқу 243

Отандық бизнес үшін орынды ұстаным

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режімін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында елімізде төтенше жағдайдың аяқталғаны туралы хабарлады. Бұл жаңалықты халықтың күткені анық.</p>

Отандық бизнес үшін орынды ұстаным

Алайда жағаны кеңге салатын уақыт әлі келген жоқ. Індеттің қайта таралу қауіптілігі әлі де жо­ғары. Сон­­­дықтан әзірге каран­тиндік шара­­­ларды сақтай тұруы­мыз керек. Кей­бір елдер каран­тинді жұм­сар­та­­мыз деп ауру санын арттырып жа­­тыр. Сондық­тан олардың жағ­дайы­­нан сабақ алуымыз орынды деп білемін.

Жалпы карантин еліміздің медицина саласына ауыр жүк түсір­меу үшін қажет болды. Ал қазір тө­тенше жағдай режімін тоқтатуға не түрткі бо­лып отыр? Елде шағын және орта бизнес біраз дағдарысқа ұшы­ра­ған­дықтан, оларға көмектесу үшін төтенше жағдайды алып тас­тау қажет­тілігі де туындады. Қатаң ка­ран­тин кезінде стратегиялық ірі өнер­кәсіптер анау айтқандай зиян шеге қоймады. Табысынан қа­ғыл­­ған негізінен қызмет көрсету сала­­сындағы шағын кәсіпкерлер болды.

Бүгінгі күні Қазақстанда халық­тың басым бөлігі – өзін өзі жұмыс­пен қамтығандар немесе қызмет көрсету саласында табыс тауып жүргендер. Енді оларға қолдау артады. Оларға қатысты Мемлекет басшысы:

– Экономиканы несиелеу­ге банктердің мүмкіндіктерін кеңей­­тетін қосымша уақытша пруден­циалды шаралар кешенін әзірлеу керек. Микро әрі шағын кәсіп­керлікке жекелей назар ауда­ру керек. Олардың толыққанды стан­дартты банктік өнімдерді пай­далану мүміндіктері тым шектел­ген. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында шағын бизнес үшін арнайы шараларды қарастыруды тапсырамын, – деді.

Алдағы уақытта елімізде орта және шағын кәсіптің жағдайы қайта оңалуға Үкімет пен «Атаме­кен» аталған бағытқа қолдау жасай­тынына сенімдіміз. Және бұл ба­ғытты жандандыруда нақты тапсырма беріліп жатыр.

Осының бәрін қорыта келгенде, елдегі төтенше жағдайды тоқтату туралы шешім орынды. Дегенмен қазақстандықтар әлеуметтік сақтық шараларын ұмытпауы тиіс.

Сапарбек ЖОБАЕВ,

экономист

Бөлісу:
Отандық бизнес үшін орынды ұстаным · Egemen Qazaqstan