Коронавирус
1 мин оқу 230

Елімізде өткен тәулікте 118 адам коронавирус жұқтырды

<p style="text-align: justify;">Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы&nbsp;14 мамыр сағат 23:59-дағы жағдай бойынша&nbsp;118 адамның коронавирус жұқтырғанын хабарлады.</p>

Ақтөбе облысында 29 адам, Қостанай облысында 4 адам, Қарағанды облысында 8 адам, Атырау облысында 17 адам, Ақмола облысында 4 адам, Батыс Қазақстан облысында 7 адам, Маңғыстау облысында 3 адам, Нұр-Сұлтан қаласында 25 адам, Шымкентте 5 адам, Шығыс Қазақстан облысында 1 адам, Жамбыл облысында 2 адам, Алматыда 11 адам, Алматы облысында 1 адам және Қызылорда облысында 1 адам вирус жұқтырды.

Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус инфекциясынан 2 адам көз жұмды. Қазақстан бойынша індеттен осымен 34 адам қайтыс болды.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 5 689 адам анықталды.

Бөлісу: