Қоғам
1 мин оқу 180

16 мамырға арналған ауа райы болжамы

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазгидромет&raquo; РМК 16 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады.</p> <p style="text-align: justify;">&nbsp;</p>

16 мамырға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктердің болжамы бойынша Қазақстанның басым бөлігінде әлі де құбылмалы ауа райы сақталады. Республика бойынша кей жерде найзағаймен жаңбыр жауады, желдің күшеюі күтіледі, солтүстік-батыста түнде және таңертең тұман болады.

Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Түркістан облысында дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.

Шығыс Қазақстан, Ақтобе, Павлодар облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерінде тұман күтіледі. Қызылорда облысында таңертең және күндіз кей жерде 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Бөлісу:
16 мамырға арналған ауа райы болжамы · Egemen Qazaqstan