Қазақстан
1 мин оқу 230
Синоптиктер еліміздегі қалалардың ауа сапасы туралы айтты
<p style="text-align: justify;">«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы 16 мамыр күнгі ауа сапасы туралы болжамын жариялады.</p>

Ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайы Балқаш қаласында күтіледі. Өзге шаһарларда метеорологиялық ахуал қалыпты болады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ-да елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Бөлісу:
