Аймақтар
1 мин оқу 190

Атырау: Бүгін 17 адам індеттен айықты

<p style="text-align: justify;">Атырауда&nbsp; 17 адам қауіпті індеттен айығып, үйіне оралды. Осылайша, коронавирустан жазылған пациенттердің саны&nbsp; 147-ге жетті. &nbsp;</p>

Атырау: Бүгін 17 адам індеттен айықты

Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік жедел штабтың хабарлауына қарағанда, бүгін қауіпті індеттің шырмауынан шыққан 16 адам – Теңіз кенішінде жұмыс істеген жұмысшылар.

Сондай-ақ Атырау қаласындағы №4 емхананың  57 жастағы медбикесі де коронавирустан жазылды.

«Емделушілерден коронавирус инфекциясына алынған бақылау тестінің қорытындысы теріс нәтижені көрсетті. Бүгін бұл пациенттер инфекциялық стационардан шығарылды» - деп хабарлады өңірлік жедел  штаб.

Бөлісу:
Атырау: Бүгін 17 адам індеттен айықты · Egemen Qazaqstan