Абай
1 мин оқу 1,173

Алда Абай оқулары

<p style="text-align: justify;">Елбасы кітапханасы қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы, ғұлама ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған жыл сайынғы &laquo;Абай оқулары&raquo; әдеби эстафетасын бастады.</p>

Алда Абай оқулары

Ұйымдастырушылардың айтуына қарағанда, «Абай оқулары» мақсаты:

– Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасына және Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Абайдың 175 жылдық мерейтойын өткізу туралы бастамасына ақпараттық-имидждік қолдау көрсету;

– Абайдың әдеби мұрасын кеңінен насихаттау, қазақстандық жастар арасында оқу мәдениетін және әдеби талғамды жасақтау.

Әдеби эстафетаның шарттарын келер болсақ, біріншіден – Абайдың шығармаларын мәнерлеп оқып, бейнематериалға түсіру (қазақ, орыс, ағылшын және басқа тілдерде) және эстафетаны одан әрі жалғастыратын адамды белгілеу; екіншіден –  бейнематериалды Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінің біріне #ЕлбасыКітапханасыАбай, #АбайдыОқимыз175 немесе #БиблиотекаЕлбасыАбай, #читаемАбая175 хэштегтерімен жүктеу болса, оқу эстафетасын өткізу мерзімі – 14-20 мамыр аралығына жоспарланыпты. Шараның қорытындысы бойынша мәнерлеп оқудан озық шыққан қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Бөлісу:
Алда Абай оқулары · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар