Аймақтар
1 мин оқу 140

Атырау: Тағы да 86 адамнан індет анықталды

<p style="text-align: justify;">Теңіз кенішінің жұмысшыларынан&nbsp; тағы да қауіпті індеттің белгісі табылды.</p>

Атырау: Тағы да 86 адамнан індет анықталды

Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік жедел штабтың мәліметінше, Теңіз кенішінде жұмыс істеген 84 жұмысшының коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды.

«Тағы екі науқас – 1986, 1997 жылғы әйелдер. Олар провизорлық стационарға жұмыс бабымен жіберілген  облыстық аурухананың  санитары мен лаборанты» - деп хабарлады жедел штабтан.

Бүгін, 18 мамырда Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған  627 адам тіркелді.  Ал, 165 адам  қауіпті індетті жеңіп шықты.

Бөлісу:
Атырау: Тағы да 86 адамнан індет анықталды · Egemen Qazaqstan