Заңсыз ақша тауып, құқық бұзғандар екі есеге көбейген
<p style="text-align: justify;">Осы мазмұндағы қылмыстық істердің 52 пайызы Нұр-Сұлтан, Павлодар облысы және қаржы орталығы – Алматыда орын алған. Ағымдағы жылғы қаңтар-сәуірінде республикада қылмыстық жолмен алынған ақша және басқа мүлікті жария ету саласында 29 құқық бұзушылық тіркелген. Көрсеткіш бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,1 есе көп.</p>

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің мәліметінше, «Террористік немесе экстремистік әрекетті және терроризм мен экстремизмнің басқа да түрлерін қаржыландыру» бабы бойынша, өткен жылдың қаңтар-сәуіріндегі 1 құқық бұзушылыққа жыл басынан бері қосымша 2 қылмыс тіркеліп отыр.
Өңірлер бойынша елордада қылмыстық жолмен тапқан ақшаны және басқа да мүлікті заңдастыру саласындағы құқық бұзушылық көбейген. Бұдан бір жыл бұрын 4 жағдай тіркелсе, бүгінгі күнде 8 жағдай тіркелген. Өткен жылы мұндай қылмыс түрлері тіркелмеген Павлодар (4 құқықбұзушылық) облысы және Алматыда (өткен жылы 3 жағдай) биылғы жылы осындай жағдайлар орын алып отыр.

