Аймақтар
1 мин оқу 176

Атыраулық диқандар жем мен көкөніс дақылдарын егуді көбейтті

<p style="text-align: justify;">Қазіргі таңда Атырау облысында егіс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бұл аймақта егін алқабы айтарлықтай үлкен болмағандықтан, диқандар аз уақыт ішінде жерді&nbsp; өңдеп, жартысына жуығына егін салып үлгерді. Бұл туралы АШМ баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Атыраулық диқандар жем мен көкөніс дақылдарын егуді көбейтті

Биыл Атырау облысының егіс алқабы 9222 га құрайды. Оның көп бөлігіне, яғни, 3332 гектарына жемшөп дақылдары егіледі. Көкөністер 2,6 мың гектарға, картоп 2 мың гектарға, қауын 1,2 мың гектарға салынады.

Қазіргі уақытта облыста егіс алқабының жартысы игерілген, оның ішінде жемшөп дақылдары - 1878 га, көкөністер - 1 271 га, қауын - 600 га, картоп - 705 га.

Егіс жұмыстарына 305 ауылшаруашылық кәсіпорындарының 1,5 мың қызметкері қатысады. Сондай-ақ, 783 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары жұмылдырылды.

Айта кетейік, Атырау облысының ауылшаруашылық тауар өндірушілері биылғы жылы арзандатылған дизель отынын бөлуге өтініш берген жоқ.

Бөлісу:
Атыраулық диқандар жем мен көкөніс дақылдарын егуді көбейтті · Egemen Qazaqstan