Аймақтар
1 мин оқу 270

Алматыда толассыз жауған жаңбыр салдарынан аула учаскелерін су басты

<p style="text-align: justify;">Алматыда тағы да толассыз жауған жаңбыр салдарынан&nbsp;аула учаскелерін су басты. Бұл туралы Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Алматыда толассыз жауған жаңбыр салдарынан аула учаскелерін су басты

ТЖД мәліметіне сәйкес, бүгін таңертең Жетісу ауданында мотопомпа арқылы су сорылды. Таңғы сағат 5-тен бастап Скрябин көшесі, 24 мекен-жайы бойынша учаске тазартылып алынды. Мамандар бұл жерде алдын ала қойылған техникамен кезекшілік атқарды. Оқиға орнында «Алматы тазалық», ТЖ бөлімінің қызметкерлері жұмыс істеуде. Су басудың себебі қатты жауын-шашын салдарынан арық толып қалған. Қазір учаске өңделді. Құрбандар мен жапа шеккендер жоқ.

Бөлісу:
Алматыда толассыз жауған жаңбыр салдарынан аула учаскелерін су басты · Egemen Qazaqstan