Жарнама
 
Қазақстан
1 мин оқу 203

Еліміздің теңіз порттарына кірген кемелерге тексеру жүргізілді

<p style="text-align: justify;">2020 жылдың алғашқы тоқсанының қорытындысы бойынша су көлігінде бірде-бір көлік оқиғасы тіркелген жоқ. Бұл туралы Көлік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.</p>

Еліміздің теңіз порттарына кірген кемелерге тексеру жүргізілді

Көліктік бақылау органдары биылғы алғашқы үш айда Қазақстанның теңіз порттарына кірген теңіз кемелеріне 42 тексеру жүргізген. Тексеру қорытындысы бойынша 9 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 137 858 мың теңге айыппұл салынған.

Сондай-ақ аумақтық көліктік бақылау инспекциялары ішкі су көлігі кемелерінің командалық құрамының 39 тұлғасына диплом табыстаған.

Бұл кезеңде ішкі су көлігі кемелерін, шағын көлемді кемелерді қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуді бақылау, сондай-ақ кеме қатынасы су жолдарын тексеру жүргізілген жоқ.

Бөлісу:
Еліміздің теңіз порттарына кірген кемелерге тексеру жүргізілді · Egemen Qazaqstan