Ең қысқа әңгіме
2 мин оқу 543

Төрт күн іздеуде болған бала табылды

<p style="text-align: justify;">&laquo;Баланың көңілі &ndash; далада&raquo; деген... Осы бір тәмсілді дәлелдегісі келді ме, кім білсін, Миялы селосында тұратын 15 жастағы жасөспірім үйінен шығып кетіп, төрт күн бойы күндіз далада &laquo;қыдырып&raquo;, түнде достарының үйіне қонып жүріпті.</p>

Төрт күн іздеуде болған бала табылды

Осынша күн үйіне келмеген баласы үшін алаңдаған анасы Қызылқоға аудандық полиция бөлімінен көмек сұ­рады. Бейбіт күнде ұшты-күй­лі жоғалған жасөспірімді із­деуге аудандық полиция бө­лі­мінің, округтердегі поли­ция бөлімшелерінің  жеке құ­рамы  жұмылды. Кәмелетке толмаған баланы жан-жақты  іздестіру үшін топ-топқа бө­лінген сақшылар аудан аума­ғындағы ауыл-селолар­ды түгел тінтіп, далалық жол­дарды да назардан тыс қалдырмады.

– Полиция бөлімінің  учас­келік полиция инспекторы, полиция капитаны А.Сәр­­сенғалиев, кәмелетке тол­мағандар ісі жөніндегі инс­пектор, полиция майоры Б.Байжан, патрульдік полиция аға инспекторы, полиция ка­питаны Ж.Аманжолов, анықтаушы,  полиция лейтенанты О.Еламан, жедел уәкіл, полиция капитаны  Ш.Нау­рызғалиев баланы Миялыдан 4-5 шақырым жердегі далалық жол бойынан тауып,  анасына  тапсырды, – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жоғалған жасөспірімнің анасы – 1976 жылғы  азамат­шаның айтуынша, ұлының үйде жоғына алғашқыда  сон­шалықты  мән бермепті.  Ұлын  атасының үйіне  кеткен болар деп ойлағанын жасырмайды. Өйткені жасөспірім бұрын да отбасындағыларға  айтпастан, аудан орталығынан 100 шақырым қашықта ор­на­ласқан Қарабау елді меке­ніндегі  атасының үйіне жиі барады екен.

– Бұл жолы да солай болар деп ойладым. Бірақ Қа­ра­баудағыларға телефон шал­­ғанда, оның келмегенін біл­дім. Баруы мүмкін-ау деген болжаммен, барлық туған-туыстардан сұрастырып, төрт күн бойы іздестірдім. Амалым таусылғасын, полицияның көмегіне  жүгіндім, – дейді төрт күннен кейін табылған жас­өспірімнің анасы.

Ал жоғалып-табылған ба­ланың айтуынша, үйінен шығарда жылы киімін, арқаға асатын  сөмкесіне азық-түлік салып алыпты. Күндіз далада «қыдырып» жүргенде, бұл бала  не іздеді екен?

Атырау облысы

Бөлісу:
Төрт күн іздеуде болған бала табылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар