Елорда тұрғынынан ірі көлемде есірткі тәркіленді (видео)
<p style="text-align: justify;">2020 жылғы 13 мамырда ҰҚК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті жасырын тергеу іс-қимылдарын жүргізу кезінде уақытша тұрғылықты жерінде синтетикалық есірткі жасауды және оларды «қойылма» деп аталатын жолмен сатуды ұйымдастырған «С» деген азаматын ұстады. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Жасырын есірткі зертханасында тінту нәтижесінде шамамен 2 кг «A-PVP» синтетикалық есірткісі («қара нарықтағы» құны шамамен 34 млн теңгені құрайды), орау материалдары, шыны құтылар, магнитті араластырғыш, сорғылар, түтікшелер, шыны цилиндрлер, респираторлық бетперделер, электрондық таразы, 2 кг реагент, 40 литр әртүрлі прекурсор және зертханалық жағдайда психотроптық заттар жасау кезінде қолданылатын өзге де айлабұйымдар алынды.
«С» деген азамат ҚР ҚІК 128-бабының тәртібінде Нұр-Сұлтан қ. ПД УҰИ-ға қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
