Талаптарды сақтамаған еңбек ұжымдарында коронавирус әлі де таралуда
<p style="text-align: justify;">Мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова онлайн өткен баспасөз мәслихатында коронавирус инфекциясымен сырқаттану өсімінің себебіне сараптама жүргізілгендігін айтты.</p>
«Санитарлық залалсыздандыру режимін күшейту жөніндегі белгіленген талаптарды сақтамаған, маска тақпаған, арақашықтық сақтамаған, байланыстарды азайтпаған еңбек ұжымдарында коронавирус таралуда. Сондай-ақ еңбек ұжымынан тыс әлеуметтік байланыстардың артуынан вирус жұқтырғандар саны көбейіп отыр. Біз қонаққа барып, өзіміз де қонақ шақырып жатырмыз және мамандардың кеңестеріне қарамастан гигиеналық және өзіңді қорғаудың қарапайым талаптарды орындауды - маска тағуды, антисептиктерді пайдалануды, арақашықтық сақтауды қойдық. Бұл өте жұқпалы қауіпті ауру екендігін тағы бір естеріңізге салғым келеді», - деді бас санитарлық дәрігер.
