Аймақтар
1 мин оқу 140

«Самұрық-Қазына» Мақтааралға 1 млрд теңге жібереді

<p style="text-align: justify;">Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы топан судан зардап шеккен елді мекендерді қалпына келтіруге &laquo;Самұрық-Қазына&raquo; ҰӘҚ&raquo;&nbsp; АҚ-ы 1 млрд теңге жібереді.</p>

«Самұрық-Қазына» Мақтааралға 1 млрд теңге жібереді

Акционерлік қоғамның Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар  жөніндегі департаменті осындай ақпарат таратып отыр. Бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын «Түркістан» әлеуметтік даму қоры қамтамасыз етеді.

Еске сала кетейік, «Самұрық-Қазына» АҚ бұған дейін Арыс қаласын қалпына келтіру және құрылыс жұмыстарына 7 млрд теңге бөлген болатын. Жалпы «Самұрық-Қазына» Қоры Арыс қаласында әлеуметтік инфрақұрылымның 68 нысанын қалпына келтірді. Оның ішінде 64 нысан жөнделіп, 4 - і бұзылып, жаңадан салынған болатын.

Бөлісу:
«Самұрық-Қазына» Мақтааралға 1 млрд теңге жібереді · Egemen Qazaqstan