Аймақтар
1 мин оқу 276
Қостанай облысында жүк пойызы жолдан шығып кетті
<p style="text-align: justify;">24 мамыр күні сағат 14.00-де Қостанай облысындағы Құсмұрын – Тобыл темір жол учаскесіне қарасты Қазанбасы – Апанов өткелінде келе жатқан жүк пойызының машинисі локомотив манометрінен вагондар арасындағы ауа қысымының төмендеп кеткенін байқап, жедел тешегішті іске қосқан.</p>

Локомотив бригадасы 23 вагонның рельстен шығып кеткенін және темір жол табанына нұқсан келгенін анықтап отыр.
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» баспасөз қызметінің мәліметінше, бос вагондар тіркелген локомотив сағатына 70 шақырымдық жылдамдықпен келе жатқан. Қазір арнайы комиссия құрылып, апаттың салдарын жою жұмыстары жүріп жатыр.
Қостанай облысы
Бөлісу:


