Жаңалықтар
1 мин оқу 190

Елбасының апталық кестесі

3-4 қазанда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен келетін Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен екіжақты келіссөздер жүргізеді, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.

Келіссөздер кезінде мемлекет басшылары сауда-экономикалық және индустриялық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты тереңдету мәсе­лелерін, сондай-ақ, агроөнеркәсіп кешеніндегі өнеркәсіп кооперациясын талқылайды.

Сонымен қатар, посткеңестік кеңістіктегі, бірінші кезекте, Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік аясындағы интеграциялық үдерістерді дамыту барысы талқы­ланатын болады. Бұған қоса, мемлекет басшыларының Бірлескен мәлімдемесіне және бірқатар екі­жақты құжаттарға қол қою жоспарлануда. Беларусь Президентінің алдағы сапары мемлекеттердің екіжақты және көпжақты пішіндердегі ынтымақтастығын нығайтуға және жаңа серпін беруге арналған, сондай-ақ, өзекті халықаралық проблемалар жөніндегі ұстанымдарын айқындауға мүмкіндік туғызады.

Бөлісу:
Елбасының апталық кестесі · Egemen Qazaqstan