Аймақтар
1 мин оқу 290

Мақтааралға Оралдан тағы көмек аттанды

<p style="text-align: justify;">Орал қаласындағы Достық үйі ғимаратының жанынан Түркістан облысының Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен отандастарымызға жалпы салмағы 12 тонна гуманитарлық көмек аттанып кетті.</p>

Мақтааралға Оралдан тағы көмек аттанды

Қайырымдылық жүктің ішінде Батыс Қазақстан этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, кәсіпкерлер мен Батыс Қазақстан облыстық Қазақстан Халық Ассамблеясы еріктілері жинаған азық-түлік, күнделікті қажет бұйымдар, құрылыс материалдары, киім-кешек және басқа тауарлар бар.

Бұл көмекті ұйымдастырып, қаражат пен керек заттарды жинауға Ақ Жайық өңірінде тату-тәтті тұрып жатқан татар, әзірбайжан, ұйғыр және армян этномәдени орталықтары, «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығы, «BIRLIK» еріктілер тобы, «Достық» қазақ-вайнах клубы, «Patriot» спорт клубы, «Кадыргалиев Т.А.» жеке кәсіпкерлігі, «UralskRunners» желаяқтар клубы ерекше үлес қосты.

Гуманитарлық көмекті артқан көптонналық жүк көлігін Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері сәт-сапар тілеп, шығарып салды.

Айта кетейік, батысқазақстандықтар Мақтаралдағы су тасқынынан зардап шеккен халыққа бұдан бұрын да бірнеше мәрте жәрдем жіберген болатын.

Батыс Қазақстан

Бөлісу:
Мақтааралға Оралдан тағы көмек аттанды · Egemen Qazaqstan