Жаңалықтар
1 мин оқу 290

Елордадағы блок-бекеттер қашан ашылады?

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте елордадағы блок-бекеттердің қашан ашылатынын айтты. </span></p>

«Біз 3 бағыт бойынша бақылау жүргіздік. Біріншісі – халықаралық әуе рейстеріне шектеу қою. Өйткені вирустың ең бірінші сырттан, яғни шетелдерден келгені белгілі. Екіншісі – ел ішіндегі әуе, теміржол рейстері мен қалааралық бағыттарға шектеу қою. Осының арқасында инфекцияның кеңінен таралып кетуіне жол бермедік. Үшінші бағыт – қалаішілік кварталдар қозғалысын бақылау, яғни полиция қызметкерлері елордалықтарды оқшаулау мақсатында әр аумақтағы көлік қозғалысына шектеу қойып, тексеріс жүргізді. Нәтижесінде қаладағы көлік кептелісі едәуір азайды», - деді Алтай Көлгінов.

Сондай-ақ ол маусым айынан бастап кейбір бағыттағы теміржол рейстерінің іске қосылатынын атап өтті.

«Вирус қаупі әлі де сейілмегендіктен, блок-бекеттер әзірге ашылмайды. Ол туралы осы айдың соңында қосымша хабарлайтын боламыз», – деді қала әкімі.

Бөлісу:
Елордадағы блок-бекеттер қашан ашылады? · Egemen Qazaqstan