Жаңалықтар
4 мин оқу 333

Дауылда кемені тастап кетуге болмайды

Шарайна

Сирия президенті Башар Асад егер одан елдегі жағдай жақсарар болса, өз қызметінен кетуге дайын. Дегенмен, ол дәл қазіргі кезде өз орнымда қалуға тиістімін деп есептейді. Италия телеарнасына берген сұхбатында ол осылай деген.

Егер менің қызметтен кетуім жағдайды жақсартуға септігін тигізер болса, мен оған дайынмын. Бірақ мен қазір президент болып қалуға тиіспін. Дауыл кезінде кемені тастап кетуге болмайды. Менің міндетім – осы кемені орта жолда қалдырмай портқа жеткізу деп атап өткен ол. Еске сала кетер болсақ, бұған дейін Башар Асад Сирияның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі қойған талаптарды сақтайтынын мәлімдеген болатын.

Шарайна

Сирия президенті Башар Асад егер одан елдегі жағдай жақсарар болса, өз қызметінен кетуге дайын. Дегенмен, ол дәл қазіргі кезде өз орнымда қалуға тиістімін деп есептейді. Италия телеарнасына берген сұхбатында ол осылай деген.

Егер менің қызметтен кетуім жағдайды жақсартуға септігін тигізер болса, мен оған дайынмын. Бірақ мен қазір президент болып қалуға тиіспін. Дауыл кезінде кемені тастап кетуге болмайды. Менің міндетім – осы кемені орта жолда қалдырмай портқа жеткізу деп атап өткен ол. Еске сала кетер болсақ, бұған дейін Башар Асад Сирияның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі қойған талаптарды сақтайтынын мәлімдеген болатын.

Жатақханаға шабуыл жасалды

Нигерияның солтүстік-шығысындағы колледж жатақханасына жасалған шабуыл салдарынан 50 оқушы қаза тапқан. Шабуылды «Боко Харам» исламистік қозғалысы жасады деген күдік бар.

Шабуыл түнгілік, студенттер ұйықтап жатқан кезде жасалған. Колледж қызметкері Молима Иди Мато қауіпсіздік күштері өртеніп кеткен ғимарат қирандылары астынан қаза болғандардың денелерін аршып алудың жалғасып жатқанын жеткізген. Құрбан болғандардың дәл саны туралы айтуға әлі ертерек. Түрлі мәліметтер бойынша, 40-тан 50-ге дейін адамның қаза тапқаны белгілі болып отыр.

Бағдад көшелеріндегі жарылыс

Бағдадтың шииттер тұратын кварталында болған бірнеше дүркін жарылыстар салдарынан, соңғы мәліметтер бойынша, 36 адам қаза тапқан. Жарақаттанғандар саны 100-ден асады.

Бағдадтың ашық базарлары мен автотұрақтарында ұзын саны мина қойылған 12 автомобильдің жарылғаны белгілі болып отыр. Айта кету керек, жыл басынан бері Иракта 5 мыңнан астам адам қаза тапқан болса, олардың 800-і тамыз айында мерт болған. Шииттер мен сүнниттер арасындағы қа­рым-қатынастардың шиеленісуі күш көрсетулер толқынының өрши түсуіне себепкер болуда.

Тайфун үш кемені суға батырды

Аса қуатты «Вутип» тайфуны салдарынан бортында ондаған балықшылар бар үш қытайлық кеме суға батып кеткен. Бұл туралы Қытайдың орталық теледидары хабарлап отыр.

Оқиға өткен жексенбі күні Оңтүстік-Қытай теңізінің Сиша архипелагы ауданында орын алған көрінеді. Құтқарушыларға тек 14 адамды ғана табудың сәті түскен. Апатқа ұшыраған кемелерде 70-тен астам адам болған екен, олардың 47-сі хабар-ошарсыз кеткендер санатында. Оқиға орын алған жерде құтқарушылар бригадасы тікұшақтар көмегімен судағы адамдарды іздестіруде.

Конгресшілер келісімге келе ала ма?

АҚШ үкіметінің үш тәуліктен кейін ақшасыз қалуы мүмкін. Өйткені конгресс алдағы жылдың бюджетін әлі күнге қабылдаған жоқ.

Егер республикашылдар мен демократтар 1 қазанға дейін үкіметті ең болмағанда уақытша қаржыландыру туралы келісімге келмесе, шенеуніктерге еңбекақы төленбейтін мерзімі шектелмеген демалысқа кетуге тура келеді. Сонымен бірге, қаржының жоқтығынан бірнеше жүздеген ұлттық парктерге, күн сайын Мемлекеттік департаменттің 172 мыңдай визаларды ресімдейтін консулдық бюроларына өз жұмыстарын уақытша тоқтатуына тура келуі мүмкін. Бүкіл жүйе жұмысының тоқтап қалуының алдын алу үшін бірнеше сағат қана қалды. Жұмыстардың тоқтауы – тактика да, стратегия да емес, ол бүкіл ел үшін күйреу болып табылады, деп есептейді конгресмен Стэни Хойер.

Сирия бойынша пікірсайыс өткізілмек

Еуропа кеңесінің Парламенттік ассамблеясы (ЕКПА) 3 қазан, бейсенбі күні Сириядағы ахуал бойынша жедел пікірсайыс өткізбек. Бұл туралы осы ұйымдағы Ресей делегациясының басшысы Алексей Пушков хабарлаған.

Еуропа кеңесінің Парламенттік ассамблеясы бұған дейін жоспарланғандай, Сирия бойынша шұғыл пікірсайыс ұйымдастыру жөнінде шешім қабылдады, деп атап көрсеткен Пушков. Сондай-ақ, ол Ассамблеяның Сирия проблемасы бойынша қарар қабылдауға тиіс екендігін де айтқан. Сирия – әлемдік саясаттың мәселесі, сондықтан ЕКПА да өз қарарын қабылдауы керек, деп мәлімдеген ресейлік делегация басшысы.

Ұшақ апатты жағдайда қонуға мәжбүр болды

Мадридтен Римге бағыт алған А320 ұшағы өткен жексенбіде бір шассиі жоқ күйінде «Фьюмичино» әуежайына шұғыл түрде қонуға мәжбүр болған.

Ұшқыш оң жақ шассиінің іске қосылмай қалғанын әуе кемесі төмендей бастаған кезде ғана аңғарған. Әуе кемесі капитанының хабарлауынан кейін жерүсті қызметі жоғары дәрежелі жауынгерлік даярлыққа келтірілген. Бортында 151 жолаушы бар лайнер апатты жағдайда қону кезінде ұшу-қону алаңын «бауырымен» сызып өтіп, одан соң оң қанатына қарай қисайып қалған. Абырой болғанда, өрт тұтанбаған көрінеді. Жеңіл жарақаттар алған оншақты адамға сол жерде медициналық жәрдем көрсетілген.

Лондонда автобус-амфибия өртенді

Британ астанасында Темза өзені үстінде жүзетін автобус-амфибия өртке оранған. Онда ресей­лік туристердің зардап шеккені белгілі болып отыр.

Жалын автобус суға түскен кезде тұтанған. Салонда отыз шақты адам болған. Олар сол бетте суға секіріп кеткен. Адамдардың судан шығуына өзге кемелердің экипажы көмек көрсеткен. Жеті адам тұн­шық­тырғыш газбен уланғанына шағым жасаса, екі адам ауруха­наға түс­кен. Бірақ өрт салдарынан ауыр зардап шеккендер жоқ көрінеді.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.

Бөлісу:
Дауылда кемені тастап кетуге болмайды · Egemen Qazaqstan