Бүгін SpaceX ғарышқа тұңғыш рет адам ұшырады
<p style="text-align: justify;">Араға 9 жыл салып, енді АҚШ өз жерінен қайтадан ғарышқа астронавттарын аттандырмақшы. 2011 жылдан бері американдық ғарышкерлер Ресейдің «Союз» ғарыш кемелері арқылы ұшып жүрген еді.</p>

Атышулы Илон Масктың SpaceX компаниясы бірнеше сәтті сынақтардан кейін өз тарихында тұңғыш рет ғарышқа адам аттандырмақшы болып отыр. Бұл туралы компанияның Twitter парақшасында хабарланды. Falcon 9 зымыраны арқылы ұшып шығып, Crew Dragon ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш стансасына барып түйіспекші. Қазір дайындықтың соңғы кезеңдері болып жатыр. Ауа райының қолайлығы 60% ықтималдықты көрсетуде.

Құрамында қос астронавт бар экипаждың орбитада 110 тәулік болуы жоспарланған. Даг Хөрли және Боб Бенкен соңғы пысықтауларын іске асырып тап-тұйнақтай дайын отыр.
Экипаж кезінде 1969 жылы Айға адам аттанған 39А кешенінен ұшып шықпақшы.
