Қоғам
1 мин оқу 150

Әскерге қабылданғандар ПТР тесттен өтеді

<p style="text-align: justify;">Әскер қатарына қабылданғандар 14 күндік карантинге алынып, тесттен өтеді. Бұл туралы&nbsp;Алматы қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің басшысы&nbsp;Амантай Өсербаев мәлімдеді.</p>

- Біріншіден, әкімнің шешіміне байланысты медициналық комиссияның құрамына жұқпалы аурулар маманы қосылды және барлық шақыру орындарында медициналық пост қойылды. Яғни әрбір шақырылған азаматтың дене қызуы тексеріліп, бірден жұқпалы аурулар дәрігеріне барады, - деді Амантай Өсербаев.

Оның айтуынша, әскерге шақырушылардың ант қабылдау рәсіміне ата-аналары мен туыстары шақырылмайды. Дегенмен, санитарлық нормаларды сақтай отырып ант қабылдау рәсімі өткізіледі.

Бөлісу:
Әскерге қабылданғандар ПТР тесттен өтеді · Egemen Qazaqstan