Аймақтар
1 мин оқу 500

Қостанайлық оқушылар жаңа биопластик ойлап тапты

<p style="text-align: justify;">&laquo;Дарын&raquo; орталығының ұйымдастыруымен онлайн режімде өткен &laquo;Ғылым әлемін ашамыз&raquo; атты халықаралық олимпиадада Қостанай қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушылары Сәния Өмірзақова мен Дилара Усембаева I орынға ие болды. Жас ғалымдар тағам қалдықтарынан пластикалық материал жасап шығарудың жолын анықтаған.</p>

Қостанайлық оқушылар жаңа биопластик ойлап тапты

- Бізді экология мәселелері алаңдатады. Сондықтан табиғи түрде ыдырамайтын жасанды материал - пластмасса қалдықтарының мөлшерін азайту жолдарын қарастырдық. Бір жыл ішінде ұстазымызбен көптеген тәжірибе өткізіп, нәтижесінде өсімдік тағамдарының қалдықтарынан жасалған биопластиканы ойлап таптық. Бұл материалдың басты ерекшелігі – топырақта өздігінен ыдырап, жоқ болып кетеді. Біз жаңа материалдың физикалық және химиялық құрамын анықтап, оны жасап шығарудың технологиясын да таптық, - дейді жас ғалымдар.

Ғарыштық зерттеулер саласына қатысты өткен онлайн-олимпиаданың қорытындысы бойынша Қостанайдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 2 оқушысы жеңімпаз атанса, 3 оқушы – екінші, 4 оқушы үшінші орынды жеңіп алды.

Қостанай облысы

Бөлісу:
Қостанайлық оқушылар жаңа биопластик ойлап тапты · Egemen Qazaqstan