Спорт
1 мин оқу 235

Стадионға баруға рұқсат

<p style="text-align: justify;">Коронавирус пандемиясына байланысты жарияланған карантиннен кейін Вьетнам билігі ел чемпионаты мен кубок ойындарын жалғастыруға және жанкүйерлердің стадионға кіруіне рұқсат берген алғашқы мемле&shy;кет атанды.</p>

Стадионға баруға рұқсат

Бүгінде жанкүйерлердің футболдан кубок және ішкі чемпионат ойын­дарына әдеттегідей емін-еркін кіріп, сүйікті командаларына қолдау білдіруіне еш кедергі жоқ. 100 млн халқы бар Вьетнамда 28 мамырдағы мәлімет бойынша, барлығы 327 адамнан коронавирус індеті анықталса, оның 267-сі дертінен айыққан. Өлім жағдайы тіркелген жоқ.

Бүгінге дейін әлемнің бірқатар елінде де футбол бәсекелерін өткізуге рұқсат бе­рілген. Атап айтар болсақ, Еуропада Гер­ма­ния, Беларусь, Дания, Чехия, Польша чемпионаты, Азияда Оңтүстік Корея мен Түрікменстан, Оңтүстік Америкада Коста-Рика біріншілігі жалғасып жатыр, бірақ жанкүйерлердің кіруіне рұқсат жоқ. Ал Қазақстан чемпионаты да 1 шілдеден бастап жанкүйерсіз жалғасады деп болжанып отыр.

Бөлісу:
Стадионға баруға рұқсат · Egemen Qazaqstan