Спорт
1 мин оқу 380

2020 жылғы Бостон марафоны өтпейтін болды

<p style="text-align: justify;">Бостон Атлетикалық қауымдастығы (B.A.A.) 124-ші Бостон марафоны COVID-19 пандемиясына байланысты марафон өтпейтіндіктен, виртуалды шара ретінде ұйымдастыратынын хабарлады.</p>

Аталған виртуалды марафон қыркүйектің екінші аптасында өтетін виртуалды жарыстар тізіміне қосылады. 

2020 жылдың 20 сәуірінде өтеді деп жоспарланған марафонға тіркелген барлық қатысушыға жарна толық мөлшерде қайтарылады. Сонымен қатар, 124-ші Бостон марафонына онлайн қатысу мүмкіндігі беріледі. Онлайн марафон 7-14 қыркүйек аралығында өтеді деп жоспарлануда. 

Бөлісу:
2020 жылғы Бостон марафоны өтпейтін болды · Egemen Qazaqstan