Аймақтар
1 мин оқу 300

Атырау: Полицейлер қаруы бар азаматтарды тексерді

<p style="text-align: justify;">Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Атырауда 700-ге жуық азаматтың атына қару тіркелген. Тәртіп сақшылары &nbsp;&laquo;Қару&raquo; жедел-алдын алу іс-шарасы кезінде&nbsp; қаруды сақтау ережелерінің орындалуын басты назарға алды. &nbsp;</p>

Атырау:  Полицейлер қаруы бар азаматтарды тексерді

–Іс-шара барысында  шалғайдағы шаруа қожалықтары мен  мал жайылымы учаскелері, сондай-ақ, қаланың жеке секторында орналасқан үйлер мен көп қабатты тұрғын үйлердің пәтерлері тексерілуде. Себебі, заңнамаға сәйкес азаматтар қаруды сатып алу және сақтау үшін үйде, пәтерде күзет дабылы белгісін орнатуға міндетті болады -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Тексеру барысында қару сақтау ережесін бұзудың 60 фактісі тіркелді. Сондай-ақ,   Қызылқоға аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тегіс ұңғылы атыс қаруын заңсыз сақтап келген азаматты анықтады. Ал, қаруды баллистикалық сараптамаға жолдады.

Бөлісу:
Атырау: Полицейлер қаруы бар азаматтарды тексерді · Egemen Qazaqstan