Жарнама
 
Қазақстан
1 мин оқу 210

Аида Балаева еріктілердің республикалық штабына барды

<p style="text-align: justify;">Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Нұр-Сұлтан қаласындағы ЭКСПО аумағында орналасқан еріктілердің республикалық штабы мен Қазақстан жастары конгресінің кеңсесінде болды.</p>

Республикалық жастар ұйымдарының лидерлерімен кездесу барысында министр жастармен жұмыс жүргізуде әрбір жас ерекшеліктері мен қажеттіліктеріне байланысты топтармен арнайы адресті қадамдар жасалып, ақпараттық-ағартушылық жұмысты күшейтуге назар аударды.

«Біз жастардың әр санатының қажеттіліктері мен мүдделеріне қарай жұмыс істейміз», - деп атап өтті А. Балаева.

Кездесу қорытындысы бойынша барлық санаттағы жастардың күрделі мәселелерін қамтитын жастар жобаларын әзірлеу туралы шешім қабылданды.

Бөлісу:
Аида Балаева еріктілердің республикалық штабына барды · Egemen Qazaqstan