Қазақстан
1 мин оқу 800

Жел, бұршақ, шаңды дауыл – 5 маусымға арналған ауа райы

<p style="text-align: justify;">​&laquo;Қазгидромет&raquo; РМК 5 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады.</p>

Жел, бұршақ, шаңды дауыл – 5 маусымға арналған ауа райы

Қызылорда облысында жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі.

Түркістан, Алматы, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан облысында шаңды дауыл болжанады.

Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз дауыл, бұршақ күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының жекелеген аумақтарында түнде және таңертең тұман болады. Кей жерлерінде жел 15-20 м/с артады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде бұршақ жаууы ықтимал.

Қостанай облысының кей жерлерінде жел 18 м/с күшейеді.

Қызылорда, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде өте қатты ыстық болады.

Қызылорда облысында, Түркістан, Жамбыл, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының кей жерлерінде, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі күтіледі.

Бөлісу:
Жел, бұршақ, шаңды дауыл – 5 маусымға арналған ауа райы · Egemen Qazaqstan