Туризм
2 мин оқу 493

Саланы дамыту жайы талқыланды

<p style="text-align: justify;">&laquo;Экотуризм арқылы тұрақты даму&shy;ға: алғышарттар мен мүмкін&shy;діктер&raquo;. Осындай тақырыпта Қазақ ұлттық қыз&shy;дар педагогикалық универ&shy;ситетінде рес&shy;&shy;пуб&shy;ликалық семинар өтті. Аталған білім ордасы бұған дейін &laquo;7 жаңа турис&shy;тік маршрут&raquo; жо&shy;ба&shy;сын қолға алып, ай&shy;мақ&shy;тық киелі жер&shy;лер мен жәді&shy;герлерді наси&shy;&shy;хаттауға ұмты&shy;&shy;лып отыр&shy;ға&shy;нына тоқ&shy;та&shy;ла кету керек.</p>

Саланы дамыту жайы талқыланды

Отандық туризмді дамытудың тың тетіктері мен басым бағыттары тал­қы­ланған жиынға Алматы қалалық Туризм басқармасының мамандары мен турис­тік ұйымдардың өкілдері және жоға­ры оқу орындарының профессор-оқыту­шылары қатысып, өзара пікір алмасты.

Жиында жергілікті туризм мамандарын даярлаудағы Қыздар универ­ситетінің рөлі мен бүгінде осы тарапта атқарылып жатқан жұмыстар турасында да аталып өтті.

Сонымен қатар басқосу барысында Алматы қалалық Туризм басқармасы басшысының орынбасары Қалибек Ақыл­беков «Алматы қаласы мен агло­­мерациясында туризмді дамыту қа­дамдары», Л.Н.Гумилев атындағы Еура­зия ұлттық университетінің Фи­зи­калық және экономикалық география кафедрасының профессоры Орденбек Мәзбаев «Тұрақты да­му және туризмнің мәселелері», Қазақ ұлт­тық қыздар педагогикалық универ­сите­тінің Биология кафедра­сының аға оқы­тушысы Дәмежан Садықова «Қазақ­­стандағы экотуризмді дамыту мүмкіндіктері», География және туризм кафедрасының аға оқытушысы Ай­жан Сатыбалдиев «Елімізде эко және этно туризмді дамытудың маңы­зы», М.Х.Дулати атындағы Тараз мем­лекет­тік университетінің Экология ка­фе­­драсының аға оқытушысы Ержан Әбік­баев «Әулиеата өңірінің киелі жер­лері және оның аймақтық туризмді дамытудағы рөлі», «Компас» туристік ком­паниясының менеджері Тоғжан Аман­құлқызы «Экотуризмді дамытудың артық­шылығы мен кемшіліктері» тақы­рыптарында баяндама жасап, па­йымды ойларымен бөлісті.

– Табиғатты сақтай отырып, ту­ризм­ді дамыту – ел экономикасын тұ­рақ­ты табыс­қа жетелейді. Ол үшін Қазақ­стан­да алғышарттар жетерлік және мүм­кін­дік­тер мол. Туризм саласын дамы­туы­мыз, осы ресурстарды қалай ұтым­ды пай­даланатындығымызбен тығыз бай­ланыс­ты болмақ, – дейді семинарға қаты­сушылар.

АЛМАТЫ

Бөлісу:
Саланы дамыту жайы талқыланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар