Коронавирус
1 мин оқу 420

Елімізде коронавирустан 2 адам көз жұмды

<p style="text-align: justify;">Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 2 адам көз жұмды, - деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz.</a></p>

Олар Павлодар облысында ‒ 1957 жылғы әйел адам, Нұр-Сұлтан қаласында ‒ 1966 жылғы ер адам.

Коронавирусты жұқтырған науқастардың өлім жағдайын зерттеу жөніндегі комиссия аталған өлім себептерін коронавирус инфекциясынан орын алды деп тіркеуге шешім қабылдады.

Қазақстанда COVID-19-дың кесірінен барлығы 58 адам қайтыс болды.

Бөлісу:
Елімізде коронавирустан 2 адам көз жұмды · Egemen Qazaqstan