Технология
1 мин оқу 354

Ұшқышсыз ұшатын аппараттар құрастырады

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның авиациялық өнеркәсіпті дамыту және әуе кемелерін өндіру, техникалық қызмет көрсету және жөндеу нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында құрылған &laquo;Қазақстан авиациялық индустриясы&raquo; ЖШС заманауи авиациялық кәсіпорны 2016 жылы іске қосылған болатын.</p>

Ұшқышсыз ұшатын аппараттар құрастырады

Кәсіпорын алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі – мемлекеттік авиа­­цияның әуе техникасы жарам­дылығын қалпына келтіру бойынша мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау. Бұл мін­деттерді әскери ұшақтарды пайдалануда тәжірибесі мен дағдысы бар мамандар, сондай-ақ еліміз­дің және шетелдердің бе­йін­ді оқу орындарында білім ал­ған жас инженерлер мен техникт­ер­ден тұратын жоғары білікті қызмет­­­­­кер­лер орындайды. 2018-2020 жыл­­­дары Қазақстан аумағында ал­ғаш рет отандық кәсіп­орын Ан-72, Су-25, Су-27, С-295 ұшақтарында рег­ламенттік жұмыстарды орындады. Соңғы жыл­дары кәсіпорынның штат­­тық қызметкерлері 2 есеге, яғни 200 адам­ға дейін артты.

Биыл еліміздің мемлекеттік ор­­­ган­дарын қам­тамасыз ету үшін тиім­­ділігі жоғары көпфункцио­нал­ды ұшқышсыз ұшатын аппарат­тар­ды құрасты­ратын өндірісті ұйым­дас­тыру жоспарланып отыр. Со­ны­мен қатар кәсіпорын алдын­да авиациялық қызметтердің аза­мат­тық нарығына, оның ішінде экс­порт­қа шығу мақсаты тұр. Бұл шара­лар бола­шақта өңірлік көп­функ­ционалды сервистік авиациялық орта­лық мәртебесіне үміткер болуға мүмкіндік береді.

Бөлісу:
Ұшқышсыз ұшатын аппараттар құрастырады · Egemen Qazaqstan