Қазақстан
1 мин оқу 433

"Рухани Жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жиналыс өтті

<p style="text-align: justify;">Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева "Рухани Жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру және "Рухани Жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институты жұмысына байланысты жиналыс өткізді.&nbsp;Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі Telegram арнасында хабарлады.</p>

"Рухани Жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жиналыс өтті

Эпидемиологиялық жағдайға байланысты шара Zoom бағдарламасы бойынша, онлайн форматта өтті. Кездесу барысында қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан іс-шаралар мен жаңа жобалардың перспективалары және тағы басқа мәселелер қаралды.

Мемлекеттің сананы жаңғырту жөніндегі іс-шараларында сараланған көзқарас болуы қажеттілігіне, өңірлерде жұмыс істеудің маңыздылығына, жаңа интернет-жобаларды дамытуға және тағы басқа салалық өзекті мәселелерге барынша назар аударылды.

Жиналыс қорытындысы бойынша министр жауапты адамдарға бірқатар тапсырмалар берді.

Бөлісу:
"Рухани Жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жиналыс өтті · Egemen Qazaqstan