Жарнама
 
Аймақтар
1 мин оқу 391

Өртке оранған саяжайдан 5 адамның мүрдесі табылды

<p style="text-align: justify;">Оқиға Степногорск қаласында орын алған. Қала шетіндегі саяжай от құшағына оранып, өрт сөндірілгеннен кейін ол жерден 5 адамның мүрдесі табылған, - деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Өртке оранған саяжайдан 5 адамның мүрдесі табылды

"Өрт саяжай құрылысын және таяу маңдағы моншаны шарпыған. Қызыл жалынның аумағы 28 шаршы метрге жуық көлемді қамтыған. Аяқ астынан орын алған өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 9 қызметкер мен 2 арнайы техника, кезекші жедел-тергеу тобының 3 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды", – дейді облыстық төтенше жағдай департаментінің бастығы Алексей Советов.

Оқиға орнына сынақ өрт зертханасы жіберілді. Өрттің шығу себептері анықталуда.

Ақмола облысы

Бөлісу:
Өртке оранған саяжайдан 5 адамның мүрдесі табылды · Egemen Qazaqstan