Елорда
1 мин оқу 400

Нұр-Сұлтанда ҰБТ үш университеттің базасында өтеді

<p style="text-align: justify;">Тест былтырғыдай күнара емес, күн сайын өткізіледі. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;хабарлайды.</p>

Нұр-Сұлтанда ҰБТ үш университеттің базасында өтеді

Нұр-Сұлтандағы ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) 20 маусым мен 5 шілде аралығында үш университетте өтеді: Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (2 589 оқушы, 13 аудитория), С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті (1818 оқушы, 7 аудитория) және Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті (1884 оқушы, 13 аудитория).

"Бүгінде ҰБТ қатысушыларының мәліметтер базасы бар, сәйкестендіру кодтарын беру рәсімі өтті. ҰБТ өткізу орындары барлық қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді", – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасы.

Биыл лек саны екі есе артып, барлығы 14-ке жетті. Осылайша былтырғы оқу жылындағыдай күнара емес, әр күн сайын өткізіледі.


Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда ҰБТ үш университеттің базасында өтеді · Egemen Qazaqstan