Бейжіңде коронавирусқа байланысты оқу орындары жабылып жатыр
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Бейжіңде коронавирус қайта өршіп, сақтық шаралары күшейтілуде, - деп хабарлады ТАСС агенттігі. </span></p>
Бүгіннен бастап Бейжіңдегі бастауыш, орта және жоғары оқу орындары уақытша жұмысын тоқтатады.
Сондай-ақ Қытайдың өзге аудандарынан туристік топтардың Бейжіңге келуіне тыйым салынды. Эпидемиологиялық жағдайы жоғары аудандардың тұрғындарына жергілікті жерінен шығуға болмайды.
Қазір Бейжіңде мәдени, ойын-сауық және спорттық іс-шаралар тоқтатылған.
Еске сала кетейік, өткен аптада Бейжіңнің оңтүстік Фэнтай ауданындағы Синьфади сауда базарында COVID-19 оқиғасы тіркелді. Содан бері 100-ден астам адамның вирус жұқтырғаны анықталды. Олардың көпшілігі сауда орындарының қызметкерлері мен олармен байланыста болғандар.
