Коронавирус
1 мин оқу 280

Елордада жедел жәрдемге жүгінушілер саны көбейген

<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова өткен тәулікте елордада&nbsp;жедел жәрдем шақыру саны 3,5 есе артқанын айтты, - деп хабарлайды&nbsp;<a href="https://egemen.kz/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

"Өткен тәулік ішінде жедел жәрдем шақыру саны 3,5 есе артып, 3700-ге жетті. 2 мыңнан астам соғылған қоңырауға қызмет көрсетіліп, 2 есе артты. Тек КВИ нысанындағы қоңыраулар саны соңғы тәулік ішінде 427-ге дейін жетті, яғни 8 есе өсті", - деді Сәуле Қисықова.

Оның айтуынша, өткен тәулікте қоңыраулар мен жедел шақыруларға 110-нан астам жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеді. Жыл басында сатып алынған елуден астам автокөлік жүктемені азайтуға көмектескен.

"Емханалар деңгейіндегі көліктер қосымша тартылды. Коронавирус мәселелері бойынша тұрғындардың кері байланысын күшейту үшін жедел жәрдем станциясында қосымша байланыс орталығы құрылды", - деді ол.

Бөлісу:
Елордада жедел жәрдемге жүгінушілер саны көбейген · Egemen Qazaqstan