Елбасы
1 мин оқу 251

Сербия Президенті Елбасының тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді

<p style="text-align: justify;">Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Сербия Республикасының Президенті Александр Вучичтен жеделхат келіп түсті, - деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Сербия Президенті Елбасының тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді

Александр Вучич Елбасының тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

"Өзіңізге тән энергия, күш-қайрат, оптимизм коронавирустан басым түсеріне сене отырып, Сізге қолдауымды білдіргім келеді.

Жақын арада халықаралық қауымдастық өзара түсіністік пен ынтымақтастықтың арқасында пандемияны еңсереді және кедергісіз әлеуметтік-экономикалық даму жолына қайта оралады деген үміттемін.

Айығып кетуіңізді шын жүректен тілеймін. Менің зор құрметім мен ыстық ықыласымды қабыл алыңыз", - делінген жеделхатта.

Бөлісу:
Сербия Президенті Елбасының тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді · Egemen Qazaqstan