Аймақтар
1 мин оқу 280

Қостанай облысында 8 жасар бала суға кетті

<p style="text-align: justify;">Жасөспірім Федоров ауылындағы жасанды су қоймасына батып кеткен. Баланың денесі бүгін түс ауа жағадан 13 метр жердегі 2 метр тереңдіктен табылды. Құтқарушылар баланың рұқсат етілмеген жағалауда суға түскенін,&nbsp;&nbsp; арты осындай қайғылы оқиғамен аяқталып отырғанын айтты, - деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қостанай облысында 8 жасар бала суға кетті

Сегіз жастар бала  биыл бірінші сыныпты аяқтапты. Ата-анасының айтуынша, 20 маусым күні сағат 15.00 шамасында бала өзімен бірге скейтбордын алып, ойнауға көшеге шығып кеткен. Ата-анасы кешке таман іздей бастайды.  Табылмаған соң, сол күні полицияға хабарлайды. Суға кеткен баланың көл жағасында өзге де жасөспірімдермен бірге  болғаны анықталған. 

"Қайғылы оқиғаға қатысты сот-медицина сараптамасы тағайындалды. Су қоймалары маңында орналасқан елді мекендерде тұратын ата-аналардың балаларын көзден таса етпеуін сұраймыз. Кез келген су қоймасының қаіпті екенін естен шығармаған жөн", - деп хабарлады төтенше жағдай департаментінің сыртқы коммуникация тобы. 

Қостанай облысында шомылу маусымы басталғалы, өзен-көлдердегі қайғылы оқиға жиілеп кетті. аймақта осымен сегізінші адам суға кетіп отыр. Олардың ішінде тоғыз жасқа дейінгі 3 бала бар.  

Қостанай облысы

Бөлісу:
Қостанай облысында 8 жасар бала суға кетті · Egemen Qazaqstan